Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, зияткерлік қабілеттерін дамыту және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта «№51 «Дәуір» жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ұлттық ойын — тоғыз құмалақ үйірмесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Үйірмеге жетекшілік ететін дене шынықтыру пәні мұғалімі Агибаев Сабит оқушыларды ұлттық спортқа баулып, олардың ой-өрісін кеңейтіп келеді.
Жақында өткен аудандық тоғыз құмалақ жарысында ұстаздың шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, І және ІІ орындарды иеленді. Осы жетістіктің нәтижесінде шәкірттеріміз Түркістан қаласында өткен облыстық сайыста мектеп намысын қорғап, қатысып қайтты.
Бұл көрсеткіш — ұстаз еңбегінің, жүйелі дайындықтың және оқушылардың табандылығының айғағы.
Мектеп ұжымы атынан Агибаев Сабитке және оның шәкірттеріне алдағы уақытта да табыс пен жаңа биіктер тілейміз.
А.Қараева,
ДТЖЖО.
