Қазіргі таңда информатика ғылымының маңызды бағыттарының бірі – робототехника. Роботтар адам еңбегін жеңілдету, өндіріс тиімділігін арттыру және қауіпті жұмыстарды автоматтандыру мақсатында кеңінен қолданылып келеді. Робот – алдын ала берілген бағдарлама бойынша немесе жасанды интеллект арқылы әрекет ететін автоматтандырылған құрылғы.

Роботтар қолдану саласына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Өндірістік роботтар – зауыттар мен фабрикаларда өнім жинау, дәнекерлеу, бояу сияқты жұмыстарды атқарады.
Тұрмыстық роботтар – үй тазалау, тамақ дайындау сияқты күнделікті қызметтерді орындайды.
Медициналық роботтар – хирургиялық операцияларды жасауға және науқастарды бақылауға көмектеседі.
Білім беру роботтары – оқушылардың бағдарламалау мен логикалық ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Ғарыш саласында роботтар ғарыш кемелерін зерттеу, басқа ғаламшарлардың бетін бақылау жұмыстарын атқарады. Әскери салада роботтар барлау жүргізу және қауіпті аймақтарды тексеру үшін қолданылады. Бұл адам өміріне төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, робототехника – болашақтың басты технологияларының бірі. Робот түрлерінің көбеюі мен қолдану аясының кеңеюі қоғамның ғылыми-техникалық дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан информатика пәнінде роботтар туралы білім беру – заман талабына сай маңызды міндет болып табылады.
Жадыра КЕЛДИБЕКОВА,
«І.Жансүгіров атындағы №30 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
