Бүгінгі оқушы — ертеңгі Отан қорғаушы!

Мектеп оқушыларына ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы әскер оқу-орындары туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Армия  — тәрбие мектебі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері -мемлекетіміздің берік қалқаны, тәуелсіздігіміздің кепілі. Әскери қызмет тек қару ұстап, шекара күзету емес, бұл — темірдей тәртіпке бағыну, төзімділік пен отаншылдық рухын шыңдау мектебі. Қатардағы сарбаздан бастап, жоғары шенді офицерлерге дейін әрбір әскери қызметші — елдің мақтанышы. Қазіргі таңда біздің армиямыз заманауи техникамен жабдықталған, кәсіби деңгейі жоғары құрылымға айналды. Мұнда тек физикалық күш қана емес, сонымен қатар интеллектуалды білім, технологияны меңгеру қабілеті де жоғары бағаланады. Мектеп — патриотизмнің бастау бұлағы «Бүгінгі оқушы — ертеңгі Отан қорғаушы» деген ұранның астарында үлкен мән жатыр. Мектептегі «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні тек нормативтерді орындау емес, жасөспірімнің бойында жауапкершілік сезімін оятудың алғашқы баспалдағы. 26 қаңтар күні  №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы Ы. Байдәуленнің ұйымдастыруымен мектебіміздің 2025 жылғы түлегі қазіргі ҚР Қарулы күштеріне қарасты С. Нұрмағанбетов атындағы әскери-құрлық институтының бірінші курс курсанты Н. Уразбайдың қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына ҚР қарулы күштерінің жоғарғы әскери оқу-орындары туралы ақпарат алмасу және оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында оқушыларға әскери мамандықты таңдаудың артықшылықтары:
 1) Тегін білім: Әскери оқу орындарында мемлекет есебінен білім алу;

2) Әлеуметтік қолдау: Тұрғын үймен, медициналық көмекпен және жоғары жалақымен қамтамасыз етілу;

3) Мансаптық өсу: Кәсіби біліктілікті арттыру арқылы офицерлік шенге қол жеткізу;

4) Тұлғалық даму: Кез келген қиындықты еңсере алатын мықты мінез қалыптастыру сынды әскери өмірдің қызықты әрі қиын тараптары атылып өтілді. Жиын соңында бірнеше оқушы әскери оқу-орнына қызуғышылығы артқанын және жиыннан керекті ақпараттарды білгені  туралы айтылып, аталмыш әскери оқуға құжат тапсыруға ниет білдірді. Мектебіміздің басқада жоғарғы әскери оқу-орындарын тәмамдап еліміздің түпкір-түпкірінде әскери қызметін өтеп жүрген және жоғарғы әскери оқу-орындарында білім алып жүрген шәкірттеріміз жетерлік. Бұл-болашақ Отан қорғаушыларымызды патриоттық тәрбиеге жеткілікті деңгейде баулу және әскери жоғарғы оқу-орнына деген үгіт-насихат жұмыстарының өз деңгейінде жүргізіліп отырғанының дәлелі деп білемін.

Жас ұлан, сенің таңдауың — елдің болашағы!

Құрметті жас достар! Ел қорғау — ердің ісі. Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен спортқа деген қызығушылықтарыңыз ертеңгі күні қуатты армияның негізі болмақ. ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қосылу — ата-баба аманатына адалдық таныту.

Ы. БАЙДАУЛЕН,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *