Қуатты Қазақстан —Жаңарған Ата Заңнан Басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық жаңа жоба – еліміздің саяси және қоғамдық дамуындағы маңызды бетбұрыс деп есептеймін. Бұл құжат Қазақстанның алдағы бағыт-бағдарын айқындап, заман талабына сай жаңғыруына жол ашатын стратегиялық қадам екеніне сенімдімін.

Ең алдымен, жоба адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде нақтылай түседі. Азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және әділ сот жүйесін қалыптастыру – нағыз құқықтық мемлекет құрудың басты шарттары. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, билік пен қоғам арасындағы сенімді күшейтуге бағытталған.

Сонымен бірге, бұл бастама билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік береді. Парламент пен жергілікті өкілді органдардың ықпалын арттыру, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасау – демократиялық қоғамның негізгі қағидаттары. Меніңше, бұл қадамдар саяси жүйенің ашықтығын арттырып, халық үнінің естілуіне жол ашады.

Жаңа жоба әлеуметтік әділеттілік мәселесіне де айрықша мән береді. Мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі айқындалып, білім беру, денсаулық сақтау және еңбек салаларындағы кепілдіктер күшейтіледі. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің тұрақты дамуына серпін береді деп ойлаймын.

Сондай-ақ, конституциялық реформа қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуды көздейді. Ашық талқылау мен азаматтық белсенділік арқылы қабылданған шешімдер ел тұрақтылығының берік негізіне айналады. Жаңартылған Конституцияны мен ортақ құндылықтарға сүйенген жаңа қоғамдық келісімнің көрінісі деп қабылдаймын.

Қорытындылай келе, Президент ұсынған бұл жобаны қолдау – әділетті, жауапты әрі қуатты Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді айқындайды деп сенемін.

Г.БАКБЕРГЕНОВА,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “І. Жансүгіров атындағы № 30 жалпы білім беретін мектеп “ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *