“ Тілдер кеңістігі: ұлттық құндылықта жаһандық мүмкіндікке”

«Ә.Қастеев атындағы №46 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоғары деңгейде  Тіл мерекесіне орай «Тілдер кеңістігі:ұлттық құндылықта  жаһандық мүмкіндікке » тақырыбында онкүндік іс- шара жоспары бойынша жұмыстар  мағаналы, игі істер жүргізілді. Бұл жыл сайынғы үрдіс Тіл мерекесі баршамызға ортақ мереке.

Ана тіліміз- қазақ тілінің мерейі асқақ,мәртебесі биік .

Мәңгілік  Ел болуымыздың алтын тұтқасы  да Ана тілінде.

Үш тіл –бір жүрек ,бір болашақ деп онкүндік барысында оқушылардың тілдерді қастерлеуге деген қасиеттерін ояту мақсатында , қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілінде  өз өнерлерін ортаға салды.Онкүндік іс-шарамыз салтанатты түрде ашылып ,үш тілде бірнеше ойындар және баяндама оқылды. «Конституция –ел тұғыры» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында монолог оқылып ,бейнеролик түсірілді.Тіл жанашыры атанған  «А.Байтұрсынұлы  оқулары» тақырыбында оқушылар арасында үш тілде ақынның өмірбаяны мен өлеңдері оқылды.

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз дәріптеліп «Etһno Talk: дәстүрдің үштілдегі үні» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында  қазақ халқының салт-дәстүрлерін ,тағамдары және қолөнерлері туралы үш тілде мән-мағанасын ашып таныстырып өтті.

«Al Polyglot: болашақ  тіл» тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларына  тапсырма берілді.Жасанды интеллект көмегімен үш тілде бейнеролик түсіріп, оқушылар белсене қатысты.

Бапахова Рая апайдың ұйымдастыруымен «Өнерімен өрнектелген өмір»тақырыбында  мектеп ұстазы ,зейнеткер,ақын,суретші Арал Сүлеевтің шығармашылық кеші өткізілді.Бүкіл мектеп ұжымы атсалысып ,бұл кеш үлкен  жауапкершілікпен өтілді.Және де Арал Сүлеевтің  «Құс болып ұшқан жас шағым» атты кітапша жинағы жарыққа шықты. Онкүндік іс-шараның қорытындысы үш тілде жүргізіліп, белсенеқатысқан оқушылар марапатталды.Оқушылардың ана тілге деген құрметін  арттыру мақсатында, оқушыларға сыйлықтар берілді.

Тіл мерекесі төл мереке,жыл сайын ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін.

    Осындай мазмұнды,мәнді іс- шаралар жалғасын таба берсін. Тіл мәртебесінің аясы, мән-мағанасы абырой –беделі мәңгілік болсын.

Тұрсынай МУРТАЗАЕВА,

 «Ә.Қастеев атындағы №46 жалпы білім  беретін   мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.