Білім мен технология тоғысқан тағылымды аудандық семинар

Жуырда Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы – «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» – қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелерді қамтыды.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу жолдарын көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу болды.Семинар аясында түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар мен шебер сыныптар өткізілді. География және биология пәндері бойынша коучинг-сабақты М.Керімбекова мен А.Умирханова жүргізді.Математика пәнінен Н.Құрманбай 5 «А» сыныбымен «Ондық бөлшектерді көбейту», С.Абдихаликова 11 «А» сыныбымен «Көрсеткіштік теңдеулер», А.Асубаева 4 «Ә» сыныбымен «Пайыздар» тақырыптарында сабақ өткізді.Физика пәнінен Г.Ауашева «8 «Ә» сыныбында «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» зертханалық жұмысын көрсетті. Химия пәнінен А.Князева 7 «Ә» сыныбында «Периодтық кестенің құрылымы» тақырыбын тәжірибемен ұштастырды.Қазақ әдебиеті пәнінен А.Саттарова 6 «Ә» сыныбында Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі бойынша әсерлі сабақ өткізсе, ағылшын тілі пәнінен К.Мусакулова 3 «Ә» сыныбында Parts of the body тақырыбын меңгертті. Әдебиеттік оқу пәнінен Г.Егібаева 2 «А» сыныбында «Ұр тоқпақ» ертегісі арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс жүргізді.Сабақтар барысында топтық және жұптық жұмыстар, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс тәсілдері жүйелі қолданылып, білім алушылардың белсенділігі мен қызығушылығы айқын байқалды.                                                                                                    

«Бүгінгі семинар – ұстаздардың кәсіби өсуіне үлкен серпін берген маңызды алаң болды. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдану – сапалы білім берудің басты кепілі. Әріптестеріміз өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңашыл идеяларын ортаға салды. Бұл – болашақ ұрпаққа берілетін білімнің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі», – деп атап өтті мектеп директоры.Семинар соңында кәсіби сұхбат ұйымдастырылып, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді. Педагогтер жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөліне тоқталып, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.Ұйымдастырылған аудандық семинарға белсене қатысқан барлық пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге және қонақтарға зор алғыс білдіреміз. Осындай тағылымды кездесулер ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып, білім беру жүйесін жаңғыртуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Бірлескен еңбегіміз шәкірттеріміздің жарқын болашағына бағытталсын!

Акхал АГАЙДАРОВА, 

Қ. Дәрімбаев мектебінің директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *