АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Аудан әкімінің орынбасары Айнабеков Марат Фаритұлының төрағалығымен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовнаның, «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дарханбаева Лайла Орынбаевнаның, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (ары қарай – Комиссия) мүшелерінің, Комиссия хатшысы Әшірәлиев Шоханның қатысуымен кезекті отырыс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Жақыпова Ақбаян Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Баян сұлу көшесі №27 үйде пәтер жалдап тұрған қиын жағдайдағы отбасы 30.04.1990 жылы туылған Барлыбаева Дилбар Паизхановна және оның кәмелет жасына толмаған балаларының мәселесі бойынша келесідей баяндап өтті. Анасы мен балалары бүгінгі таңда 2024 жылдың 31 қаңтарындағы комиссияның №3 отырысындағы тапсырмаға сәйкес, Түркістан қаласындағы «Көмек» дағдарыс орталығына жатқызылғанын және оларға тиісті көмектер көрсетіліп жатыр.

Ал оның некеге тұрмаған бірге өмір сүрген күйеуі деп танылған 01.06.1974 жылы туылған Ержигитов Талгат Адилханович мекен-жайы анықталмаған тұлға ретінде уақытша аудандық полиция бөлімінде қамауда екендігін Жетісай АПБ ЖПҚ бастығының орынбасары Абиболлаев Мұхтар айтты.

Ал аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің басшысы Ділдабеков Шаблан күйеуі деп танылған Ержигитов Талғат бойынша Өзбекстан Республикасына жеке басын анықтау бойынша сұраныс жолдағанын және құжаты жоқ болуына байланысты Өзбекстанға депортациялау мәселесін қарап жатқандығын сөз етті.

Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовна полиция, білім бөлімі, аудандық аурухана қызметкерлеріне, мектеп ұжымына, Жаңа ауыл ауылы әкіміне сұрақтар қойып мәселені тереңінен зерделеді. Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізбегені үшін кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралу қажеттігін тапсырды.

Аудан әкімінің орынбасары бұл мәселе бойынша өз ұсынысын айтып, Комиссия қорытындысы бойынша әр мекемеге тиісті тапсырмалар берді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтын, кәмелетке толмаған балалардың панасыз қалуының алдын алу және тағы басқа да мәселелер Комиссияның назарынан тыс қалмайтындығын жеткіземіз.

ЖАҢА ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған