Бір кітап – үш көзқарас

Кітап – уақыттың үнсіз шежіресі. Адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын қалыптастыратын рухани қазына да – кітап. Бір кітаптан алған білім кейде адамның бүкіл өміріне бағыт-бағдар береді. Сондықтан кітаптың құндылығы оның қалыңдығымен емес, адам санасына қалдырған ізінен өлшенеді.Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білім мен тәрбиенің көзі. Бір қызығы, бір кітапты әр адам әртүрлі қабылдайды. Себебі, әр адамның ой-пікірі  және өзіне қабылдауы әрқалай болады

Сондықтан, бір кітапқа үш адамның көзқарасы да үш түрлі болуы мүмкін. Бірінші адам кітаптағы қызықты оқиғаны көріп, кейіпкерлердің тағдыры көзіне елестейді . Екінші адам кітаптың тәрбиелік мәніне назар аударады. Ол кейіпкерлердің іс-әрекетінен үлгі алып  дұрыс пен бұрысты ажыратуға тырысады.

Үшінші адам шығарманың негізгі идеясын, автордың айтқысы келген ойын және мәтіндегі құндылықтарды анықтайды. Осылайша, бір кітап әртүрлі адамдарға әрқалай әсер етеді. Бірақ олардың барлығын біріктіретін бір нәрсе бар – кітап адамды ойлануға, сезінуге және жаңа дүниені тануға жетелейді.

Сондықтан кітаптың құндылығы – әр адамның жүрегінде өзінше сақталады.

Кітап – адамның ең сенімді ұстазы. Ол ақыл үйретіп қана қоймай, ойлануға, салыстыруға, ізденуге жетелейді. Уақыт өзгергенімен, жақсы кітаптың құндылығы ешқашан өзгермейді. 

Қазір ақпарат көп, бірақ терең ой азайып бара жатқан заманда кітаптың орны ерекше. Себебі әлеуметтік желідегі жылдам ақпараттың орнын кітаптағы байыпты ой мен жүйелі білім алмастыра алмайды. Кітап – адамның ішкі дүниесін байытатын рухани азық.

Асем ЛЕСБАЙ,

    «Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ

7”Ә» сынып

оқушысы.

П.ТУЛЬТАЕВА,

Жетекшісі.