Ұлттық мектеп лигасы өтті

«Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жетісай ауданының білім бөлімінің бұйрығына сәйкес 9-11 сынып оқушы қыздар арасында волейбол командасы құрылды. Волейбол жаттықтырушылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Қарабалаев Бәкір, Керімқұлов Асет.

  Жарысты өткізудің мақсаты- спортты дамыту және насихаттау, рухани жігер, адамгешілік сезімдерін оятып, патриот болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын дәріптеу, мектептегі спорт түрлерін дамыту деңгейін арттыру.

Ш. Ділдабеков ауылдық округінде өткен қыздар арасында волейболдан жарысқа аталмыш мектептен қатысқан 9-11 сынып оқушылары жүлделі  1-орынды иеленді.

Бұл жеңіс – спортқа деген ынта мен табандылықтың, бірлік пен өзара қолдаудың нәтижесі. Қыздарымыз мектеп намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.

Б. Қарабалаев,

А. Керімкулов,

команда жетекшілері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *