Балалық шақтың шаттық мерекесі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Балалар мерекесімен тұспа-тұс келген бұл жарқын шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Лагерьдің ашылу салтанатында оқушылар түрлі қызықты ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік бағдарламалар балалардың қуанышын еселеп, жазғы демалыстың алғашқы күнін ерекше көңіл күймен бастауға мүмкіндік берді.

«Балдәурен» жазғы лагерінің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасау. Сонымен қатар лагерь жұмысы балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, ұжымдық ортада тәрбиеленуіне және қауіпсіз демалыс ұйымдастыруға бағытталған.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең бақытты әрі жарқын кезеңдердің бірі. Сондықтан балалардың алаңсыз өсіп, сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау – қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жол ашылып, олардың армандары мен мақсаттарына жетуіне қолдау көрсетіледі.

Мерекелік іс-шара соңында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге тілектер айтылды.

Балғын бүлдіршіндеріміздің жүзінен күлкі кетпей, әр күні қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Барша балаға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, мол жетістік және жарқын болашақ тілейміз!

А.Агайдарова,

Мектеп директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *