Бірінші сынып оқушысы – жаңа белес

Баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі – мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет білім әлеміне қадам басуы. Бірінші сынып – баланың жаңа ортаға бейімделіп, білім алуға қызығушылығы қалыптасатын ерекше кезең.

Мектепке келген әрбір бүлдіршін үшін сынып, мұғалім, жаңа достар – бәрі де жаңалық. Сондықтан алғашқы күндерден бастап оқушыға жылы қарым-қатынас танытып, оның өзіне деген сенімін арттыру маңызды. Ұстаздың мейірімі мен ата-ананың қолдауы баланың мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

1-сыныпта оқушылар әріп танып, оқуды, жазуды, санауды үйренумен қатар, тәртіп сақтауға, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Сабақ барысында ойын элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды қолдану баланың қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін жеңілдетеді.

Бастауыш сынып мұғалімінің басты міндеті – оқушыға тек білім беріп қана қоймай, оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әр баланың қабілеті мен мінезі әртүрлі болғандықтан, оларға жеке көңіл бөлу, жетістігін байқап, мадақтап отырудың маңызы зор.

Ата-ана мен мұғалім арасындағы тығыз байланыс та баланың оқуына оң әсер етеді. Үйде ата-ана баласының сабаққа деген қызығушылығын қолдап, күнделікті жетістіктеріне көңіл бөлсе, бала өзін сенімді сезінеді.

Бірінші сынып – үлкен білім жолының бастауы. Осы кезеңде берілген дұрыс бағыт пен жылы қолдау баланың болашақтағы оқуына берік негіз қалайды. Сондықтан әрбір бүлдіршіннің мектептегі алғашқы қадамы қуанышқа, қызығушылыққа және жақсы жетістіктерге толы болуы қажет.

Калампыр МАКСУТОВА,

М .Жұмабаев атындағы №15 ЖББМ    бастауыш сынып мұғалімі.