«Күншуақ» балабақшасында Рәміздер күні аталып өтті

​ 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы айтулы мерекеге орай  Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты МКҚК  «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндердің отансүйгіштік сезімін оятып, ұлттық мақтанышын арттыру мақсатында «Рәміздерім — мақтанышым!» атты мерекелік іс-шара өтті.

​Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен басталды. «Нұр» тобының кішкентай бүлдіршіндері қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранды ерекше ықыласпен шырқады. ​Іс-шара барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай бірнеше қызықты бөлімдер ұйымдастырылды:

​Тәрбиелік сағатта  балаларға Тудың түсі, Елтаңбаның мағынасы және Әнұранның авторы туралы қызықты мәліметтер беріп, интерактивті көрнекіліктерді көрсетілді.

​Өнерпаз бүлдіршіндер Отан, Ту, Елтаңба туралы патриоттық өлеңдерді жатқа оқып, «Көк тудың желбірегені» әніне әдемі флешмоб биледі.

​Шығармашылық көрме: Балақайлар өз қолдарымен Көк тудың суретін салып, Елтаңба бейнесін аппликация әдісімен құрастырды. Олардың жасаған жұмыстарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.

​«Балабақшамыздың мақсаттарының бірі — баланың санасына кішкентай күнінен бастап өз еліне, жеріне, рәміздеріне деген құрметті сіңіру. Бүгінгі шарада балалардың көзінен Отанға деген шексіз махаббат пен мақтанышты көрдік», — деді балабақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Жанат Жорабекова.

Мерекелік шара мазмұнды да қызықты болды.

Гүльмира АБУОВА,

«Күншуақ»  бөбекжай-балабақшасында «Нұр» тобының тәрбиешісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *