2026 жылғы 5 маусым күні Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп педагогтері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты түрде орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін білдірді.

Мемлекеттік рәміздер күні – халқымыз үшін ерекше маңызға ие мереке. Бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарын дәріптеп, азаматтардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған. Осы орайда ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, педагогтердің патриоттық рухын арттыру және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимні – егемендігіміздің, бірлігіміздің және тәуелсіздігіміздің айқын белгісі. Бұл қасиетті нышандар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген сенімін бейнелейді. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың азаматтық парызы мен жауапкершілігі.
Іс-шара барысында педагогтер жас ұрпаққа үлгі боларлық патриоттық көзқарас танытып, елге деген сүйіспеншілік пен құрметтің маңыздылығын көрсетті. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, туған елге деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың мақтанышы, елдігіміздің айғағы және Тәуелсіздігіміздің тұғыры. Оларды құрметтеу арқылы біз мемлекетіміздің жарқын болашағына деген сенімімізді нығайтып, ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа аманат етеміз.
Рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанның мерейін асыра берсін!
А.Агайдарова,
Мектеп директоры.
